Accessibility links

Қырғызстанға еуропалық ресмилер барып қайтты


Қырғызстандағы гуманитарлық мәселелерді талқылауға Еуропа Одағының халықаралық ынтымақтастық пен қайырымдылық істері жөніндегі комиссионері барды.

Сенбі күні аяқталған екі күндік сапары кезінде Кристалина Георгиева президент Роза Отунбаевамен келіссөздер өткізді. Сонымен қатар этникалық қақтығыс болған Ош қаласына барып қайтты.

Азаттықтың Бішкектегі тілшілеріне берген сұқбатында Георгиева Еуропа Одағы Қырғызстанның оңтүстігіндегі қақтығыстан жапа шеккен халыққа қайырымдылық шараларын көрсету үшін Қызыл крест ұйымы арқылы 5 миллион еуро бөлді деген.
XS
SM
MD
LG