Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысы Грузияға барды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Грузияға барды. Клинтонның Шығыс Еуропа және Кавказ елдеріндегі бес күндік туры Тбилисиде аяқталады. Бұған дейін ол Украина, Польша, Әзірбайжан және Арменияда болды.

Клинтон бүгін кешке Грузия президенті Михаил Саакашвилимен кездеседі. Бұған қоса мемлекеттік хатшы оппозиция өкілдерімен кездеседі деп жоспарланған.

Жексенбі күні Әзірбайжан мен Арменияға тоқтаған Клинтон көршілес мемлекеттерді Таулы Қарабах жанжалын бейбіт жолмен шешуге шақырды. Оның айтуынша, АҚШ осы мәселеге қатысты көмектесуге әзір.
XS
SM
MD
LG