Accessibility links

Хиллари Клинтон: Вашингтон Грузияның біртұтастығы ұстанымын сақтайды


АҚШ мемлекет хатшысы Хиллари Клинтон бүгін Грузия президенті Михаил Саакашвилимен кездесті. Тбилисидегі брифингте Клинтон Вашингтон Грузияның аумақтық біртұтастығы ұстанымын өзгертпейді деп мәлімеді.

Клинтон бұған қоса Ресейдің өзін-өзі тәуелсіз жариялаған Абхазия және Оңтүстік Осетия республикалары аумағында әскери базалар құру туралы ниетіне қатысты алаңдаушылық білдірді.

АҚШ мемлекет хатшысының Шығыс Еуропа және Кавказ елдеріндегі бес күндік туры Тбилисиде аяқталады. Бұған дейін Клинтон Украина, Польша, Әзірбайжан және Арменияда болды.
XS
SM
MD
LG