Accessibility links

Кеден одағы заңдық күшіне енді


Беларусь, Ресей және Қазақстанның Кеден одағы бүгіннен бастап заңдық күшіне енді.

Үш мемлекет басшылары бұл шешімді кеше Астанада Еуразиялық экономикалық қауымдастық саммитінде қабылдаған еді. Қырғызстан және Тәжікстан президенттері – Роза Отунбаева мен Эмомали Рахмон Кеден одағына кіру мәселесін қарайтындықтарын мәлімдеді.

Беларусь мұнай бағасына қатысты Мәскеумен арадағы келіспеушіліктер реттелген соң бір аптадан кейін ғана Кеден одағын құру туралы құжатқа қол қоюға келісті. Соған байланысты Кеден одағы шілденің 1-і күні Ресей мен Қазақстан үшін жұмыс істей бастады.
XS
SM
MD
LG