Accessibility links

Кэмерон: Азаптауларға қатысты ақпарат тексеріледі


Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон "терроризмге қатысы бар деген күдіктілерді азаптауда британ арнайы қызметінің байланысы бар" деген ақпарат бойынша тергеу басталғандығын мәлімдеді.

Бұл - 11 қыркүйектегі Нью-Йоркте болған оқиғаларға қатысты. Ақпараттарға қарағанда, британ арнайы қызметінің қызметкерлері Гуантанамо түрмесінде, ел аумағынан тыс жерлердегі басқа да түзету мекемелерінде осы іс бойынша күдіктілерді азаптауға қатысқан.

Кэмеронның сөзінше, бұл ақпарат Ұлыбританияның беделіне нұқсан келтіреді, сондықтан тексерілуі тиіс.

Ел үкіметі өзге мемлекетте ұсталған азаматтармен қалай қарым-қатынас жасау керектігі жөнінде арнайы қызмет қызметкерлеріне арналған нұсқаулық дайындады. Онда, егер азаптау оқиғасы болады-ау деген күдік болса, ол шарадан бас тарту қажеттілігі атап көрсетілген.
XS
SM
MD
LG