Accessibility links

НАТО шабуылынан ауған сарбаздары қаза тапты


Ауған билігі елдің шығысындағы Газни провинциясында НАТО-ның түнгі әуе шабуылы кезінде бес ауған сарбазы қаза тапты, екі жауынгер жараланды деп хабарлады.

Ауғанстан қорғаныс министрі Мохаммад Захир Азамидің айтуынша, ауған сарбаздары әскери іс-қимылдан бейхабар болған. Бұған қоса министр НАТО-ны сынап, осы тәріздес қателіктер «бірнеше мәрте қайталанды» деп мәлімдеді.

НАТО баспасөз хатшысы Йозеф Блоц ауған сарбаздарының қазасы туралы ақпаратты растады және бұл оқиғаға байланысты тергеу басталғандығын хабарлады.
XS
SM
MD
LG