Accessibility links

Қазақстан мен Беларусь Кеден одағы құжаттарын қабылдады


Қазақстан және Беларусь президенттері - Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко Кеден одағын құруға қатысты бірқатар құжаттарды қабылдады.

Құжаттардың арасында тауар импорты мен экспорты үшін жанама салық салу, кеден баж салығын есептеу және бөлу тәртібі туралы келісімдер бар.

Бұған дейін Астанадағы Еуразиялық экономикалық қауымдастық саммитінде Беларусь, Қазақстан және Ресей кедендік кодекстің күшіне енуі туралы мәлімдемеге қол қойған еді.

Қырғызстан және Тәжікстан президенттері – Роза Отунбаева мен Эмомали Рахмон өз елдерінің Кеден одағына кіру мәселесін қарастырып жатқандықтарын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG