Accessibility links

Германия Гуантанамоның екі тұтқынын қабылдайды


Германия ішкі істер министрінің айтуынша, билік АҚШ-тың Гуантанамо түрмесіндегі екі тұтқынды қабылдауды жоспарлап отыр. Томас де Мезьер бұл тұтқындардың нақты кім екендігі туралы мәлімет беруден бас тартты.

Де Мезьердің айтуынша, Құрама Штаттар Берлиннен үш тұтқын қабылдауын сұраған, бірақ Германия оның екеуі қауіпсіз деп шешкен. Бұған қоса министр үш тұтқын Сирия және Палестина азаматтары екендігін мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Германиядағы 16 аймақтың екеуі – Гамбург және Рейнланд-Пфальц әрқайсы бір тұтқыннан қабылдауға келісім берді.
XS
SM
MD
LG