Accessibility links

Гуантанамода Усама бен Ладенның аспазын соттап жатыр


Усама бен Ладеннің бұрынғы аспазы әрі жүргізушісі Ибрагим Коси өзін айыпты екендігін мойындады. Ол террористік іс-қимылдарды қолдау мен астыртын әрекеттерді жүзеге асырды деп айыпталып отыр.

Суданда дүниеге келген Ибрагим Коси өзінің атышулы бен Ладеннің жеке оққағары болғандығын және оған америкалық солдаттардан тығылуға көмектескендігін растады.

50 жастағы Косидің Гуантанамода отырғанына 8 жыл болды. Оған ауыр жаза - өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарылуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG