Accessibility links

Еуропарламент Қырғызстандағы жағдайды талқылады


Еуропалық парламент сәрсенбі күні Страсбургтегі мәжілісте Қырғызстандағы жағдайды талқылады. Еуропалық одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон Қырғызстан уақытша үкіметінің елде демократиялық процестерді дамыту мен тұрақтылық орнатуға арналған іс-шараларына Еуропалық одақ қолдау көрсетеді деп мәлімдеді.

Эштон бұған қоса республикада қазанның 10-ына жоспарланған парламент сайлауын ұйымдастыруға, ұлтаралық жанжалдарды шешуге және азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруға көмектесетіндігін атап көрсетті. Ұйым өкілі Қырғызстан билігін сайлауды Еуропалық одақ стандарттарына сай өткізуге шақырды.
XS
SM
MD
LG