Accessibility links

Франция әскери кемесі Батумиға кірді


Француз әскери кемесі Грузияның Қара теңіздегі Батуми портына келіп тоқтады. Фрегат осында төрт күнге созылатын әскери оқу-жаттығуларға қатысады.

Францияның Грузиядағы елшісі Эрик Фурнье франциялық AFP агенттігіне «Грузияға қолдау білдіру - біздің аймақ қауіпсіздігін жақтайтынымызды көрсетеді» деп мәлімдеді.

2003 жылы билікке Михаил Саакашвили келгелі бері Грузия Батыспен тығыз қарым-қатынас орнатып, НАТО-ға мүше болуға ұмтылып келеді. Ресей НАТО әскери кемесінің бұл елге келуін арандатушылық әрекет ретінде бағалады.
XS
SM
MD
LG