Accessibility links

Сербия билігі Косово маңындағы жаппай қырғынды зерттейді


Сербия билігі Косовомен арадағы шекараға жақын маңда табылған үлкен қорымға қатысты тергеу бүгін басталады деп мәлімдеді. Қорымда 90-шы жылдардың аяғында өлтірілген 250 этникалық албан жерленген.

Әскери қылмыстар бойынша прокурор орынбасары Бруно Векарич қорымда эксгумация жүргізу керек деп мәлімдеді. Прокурорлар Косовода өлтірілген кісілерді қылмыстың ізін жасыру үшін шекара маңындағы Рудница ауылына тасыған деп есептейді. Қорым мамыр айында табылды.

Косово тәуелсіздігін 2008 жылы жариялады, Сербия оны мойындаған жоқ.
XS
SM
MD
LG