Accessibility links

Ауғанстанда жемқорлық төрт жылда екі есеге өсті


Ауғанстанда сыбайласқан жемқорлық көлемі 2007 жылдан бері екі есеге өсті. Бұл туралы коррупцияға қарсы халықаралық бейресми ұйымның бүгін жарияланған зерттеуінде айтылды. Integrity Watch мәліметі бойынша, өткен жылы ауған халқы бір миллиард долларға жуық қаржыны шенеуніктерге пара ретінде жұмсаған.

Зерттеуге қатысқан алты жарым мың ауған тұрғындарының үштен бірі өз мәселелерін шешу үшін мемлекеттік мекемелерге пара беруге мәжбүр болғандығын айтқан. Респонденттердің жарымы елдегі сыбайласқан жемқорлық тәлібтерге пайдалы, олар шенеуніктерге пара беру арқылы өз жағдайларын жақсартып отыр деп есептейді.
XS
SM
MD
LG