Accessibility links

Грузияда таулы ауыл тұрғыны 130-ға толды деп хабарланды


Грузияда шалғайдағы таулы ауылдың тұрғыны бүгін 130 жасқа толды деп хабарланды. Жергілікті билік Антиса Хвичаваның Грузияның батыс өңірінде 1880 жылы шілденің 8-і күні туғандығын растайтын екі құжаты бар деп мәлімдеді.

Грузияның ұлттық статистика өкілі Георгий Мернишвилидің айтуынша, шай плантациясында жұмыс істеген Хвичава 1965 жылы зейнеткерлікке шыққан. Геронтология зерттеу орталығы Хвичаваның туған күніне қатысты мәліметтер зерттелмеген деп хабарлады.

Қазіргі күні әлемнің ең қарт тұрғыны – 114 жасар француз Эжени Бланшар.
XS
SM
MD
LG