Accessibility links

Игорь Сутягин Венаға жеткізілді деп хабарланды


АҚШ үшін тыңшылық еткен деп айытпалған ресейлік ғалым Игорь Сутягин бүгін Венаға жеткізілді. Бұл туралы ресейлік ақпарат агенттіктері ғалымның адвокаты Анна Ставицкая мен адам құқығын қорғаушы Эрнст Черныйдың мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады.

Бұл ақпаратты ресми органдар әзірге растаған жоқ.

Австрия астанасындағы Сутягинді әрі қарай Лондонға жеткізеді. Сол жерде ғалымды Ресей үшін тыңшылық етті деген күдікпен АҚШ-та маусымның соңында ұсталған азаматтарға ауыстырады деп хабарланды.

Бұған дейін Сутягинің адвокаты мен туыстары ғалымды «ресейлік тыңшыларға» ауыстырады деп хабарлаған еді. Бұл мәліметті АҚШ және Ресей биліктері растаған жоқ.

АҚШ-та ұсталған 10 азамат бүгін Нью-Йорк сотында жауап береді.
XS
SM
MD
LG