Accessibility links

Кубалық диссидент бес айға жалғасқан аштық акциясын тоқтатты


Түрмеде отырған кубалық диссидент Гильермо Фаринас, ақпан айында бастаған аштық акциясын тоқтатты. Ол түрмеде отырған денсаулығы нашар саяси тұтқындарды босатуды талап еткен еді.

Фаринас мұндай шешімді, Куба үкіметі 2003 жылы тұтқындалған 50-ден аса адамды босататындығын мәлімдегеннен кейін қабылдаған.

Бостандыққа шыққандардың Кубада қалатын-қалмайтындығы әзірге белгісіз. Ал Испания барлық саяси тұтқындарды қабылдауға дайын екендігін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG