Accessibility links

БҰҰ оңтүстіккореялық кемеге жасалған шабуылды сынға алды


Бүгін дауысқа салынатын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің резолюция жобасында, Онтүстік Кореяның әскери кемесіне шабуыл жасаған Солтүстік Корея сынға алынып отыр.

Дегенмен құжатта Пхеньянның дәл қандай іс-әркетімен айыпты екендігін көрсетілмеген.

Резолюция жобасы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі, оның ішінде Солтүстік Кореяның негізгі одақтасы - Қытайдың қатысуымен қабылданды.

Коммунистік Солтүстік Корея Сары теңіздегі соғыс кемесінің апаты мен 46 теңізішінің қазасына қатысы барлығын теріске шығарып, өзіне қарсы қандай да бір шара қабылданса «толыққанды соғыс қимылдарымен жауап беретіндігін» мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG