Accessibility links

АҚШ қарулы күштеріне жаңа қолбасшысы табылды


Пентагон басшысы генерал Петреустің орнына өзге қолбасшы тапты.

АҚШ-тың қорғаныс министрі Роберт Гейтс АҚШ қарулы күштерінің Орталық басқармасының басшысы лауазымына генерал Джеймс Маттисті ұсынды.

Ол таяуда Ауғанстандағы халықаралық әскери күштердің бас қолбасшысы қызметіне кіріскен генерал Дэвид Петреустің орнына отырады.

Өткен бейсенбі күні осы лауазымға Маттисті ұсынған кезде Р.Гейтс оны өте жауапты қызметке өте күрделі кезеңде кіріскелі отырған ең ілгерішіл әрі батыл әскери қайраткер деп таныстырды.

Джеймс Маттистің тағайындалуын президент Барак Обама мен АҚШ cенаты мақұлдауға тиіс.
XS
SM
MD
LG