Accessibility links

Түркімен билігі екі журналисті елден шығармай отыр


Андрей Сахаровтың жесірі Еленна Боннэр «Шекараcыз репортерлер» халықаралық ұйымынан Түркіменстан үкіметі елден шығармай отырған түркімен журналистері Елена және Аннамамед Мятиевтерге көмектесуді өтінді.

Екі журналист көз дәрігеріне қаралып, шұғыл операция жасату үшін Голландияға баруға тиіс көрінеді. Болмаса, Елена Мятиева көз жанарынан айрылуы мүмкін.

27 маусым күні оларды Стамбулға қатынайтын ұшақтан түсіріп алып, тінтіп. түркімен ішкі істер министрлігінің нұсқауын желеу етіп, қолдарында барлық құжаты мен визаларының болуына қарамастан, елден кетуге бөгет қойды.

Елена мен Аннамамед «Нейтральный Туркменистан» газетінде жұмыс істеген, бірақ екеуі де жұмыстан босатылыпты.

Билік олардан шетелдік баспасөзбен және шетелдегі түркімен оппозициясымен байланыста болған деп күдіктенеді.
XS
SM
MD
LG