Accessibility links

Ресей босатқан агенттер АҚШ-қа жетті


АҚШ-тың қырғи қабақ соғыстан бергі ең үлкен тыңшылар айырбасы бойынша Мәскеудің берген агенттері Вашингтонға жетті. АҚШ пен Ресей арасындағы тыңшылар айырбасы жұма күні Вена әуежайында жасалған.

Америка Құрама Штаттарында ұсталған 10 ресейлік тыңшының орнына Мәскеу Батыстың барлау қызметтерімен байланыста болған деп түрмеге жабылған 4 адамын Вашингтонға берді. АҚШ-та әшкере болған 10 тыңшы Ресейге әкелінді.
XS
SM
MD
LG