Accessibility links

Иранда күннің қатты қызуынан үкіметтік мекемелер жабылды


Иран ауа-райының қатты ысуына байланысты елдегі үкіметтік мекемелер мен Теһрандағы басқа да халыққа қызмет көрсету орындарының жұмысын кемінде 48 сағатқа тоқтататын болды.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ел астанасы мен 20 провиницядағы банктер мен дәрігерлік орындардан басқа барлық үкіметтік ұйымдар жексенбі және дүйсенбі күні жабылады деп хабарлады.

Бұл күндері бірқатар қалаларда күннің қатты қызуы 40-тан 50 градусқа дейін жетеді.
XS
SM
MD
LG