Accessibility links

Үндістандық Кашмирде комендант сағаты енгізілді


Кашмирдің Үндістанға қарасты бөлігінде бірнеше апта бұрын басталған наразылық толқулары басылар емес. Соған байланысты аймақта комендант сағаты енгізілді.

Хабарларға қарағанда, штаттың әкімшілік орталығы – Шринагар қаласында мыңдаған әскер қызметкері кезекшілік етіп жүр. Сенбі күні сарбаздарға тас лақтырған наразы топқа қарсы көзден жас ағызатын газ қолданды. Алдын ала мәлімет бойынша, қақтығыстар барысында 15 адам қаза тапты.

Наразылық толқулары 17 жасар жасөспірімнің өлі денесі таулы өзендердің бірінде табылғаннан кейін басталды. Жергілікті тұрғындар оны құқық қорғау қызметкерлері өлтірді деп есептейді.
XS
SM
MD
LG