Куба билігі саяси тұтқындарды түрмеден босата бастады. Осы аптада Куба президенті Рауль Кастро мен кардинал Хайме Ортега 52 тұтқынды бостандыққа шығару туралы келіскен болатын.
Сенбі күні кем дегенде үш диссидент түрмеден шығарылды. Шіркеу өкілдері алдағы уақытта тағы кем дегенде 12 адам босап шығады деп хабарлады. Қалғандары үш-төрт айдың көлемінде босатылады деп жоспарланған.
Түрмеден шығатын 17 саяси тұтқын Кубадан кетіп, Испанияға баруға келісім берді. Қалғандарының Кубада қалар-қалмасы әзірге белгісіз.