Accessibility links

Павлодарда күйдіргі дертіне қатысты карантин жабылды


Павлодар облысы Ақсу ауданында күйдіргі ауруының таралуына байланысты маусым айында жарияланған карантин жабылды. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің орынбасары Александр Вербняк сенбі күні баспасөз мәслихатында хабарлады.

Аймақта күйдіргі ауруына шалдыққан жеті адам анықталды, оның екеуі қайтыс болды. 119 тұрғын тексеруден өтті. Карантин 20 күнге созылды.
XS
SM
MD
LG