Accessibility links

Павлодар облысында күйдіргі карантині тоқтатылды


Павлодар облысы Ақсу ауданындағы ауылдарда, адам мен малдың күйдіргі дертіне шалдығуына байланысты жарияланған карантин тоқтатылды. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Александр Вербняк мәлімдеді.

Карантин 20 күнге созылды. Барлығы жеті науқас анықталып, олардың екеуі қайтыс болды. Науқастармен байланысты болған 119 адам анықталып, олардың барлығы тиісті ем қабылдап жатыр.

Александр Вербняктің сөзінше, қазір ауруханада бес адам жатыр. Олардың денсаулығы қанағаттанарлық, жақын арада олар үйіне жіберіледі.
XS
SM
MD
LG