Accessibility links

Жапония премьері қызметінен кетпейтінін мәлімдеді


Жапонияда жексенбі күні өткен парламенттің жоғарғы палатасы депутаттары сайлауының алдын-ала қорытындысы белгілі болды. 

Биліктегі демократтар партиясы айтарлықтай жеңіліске ұшырап, жоғарғы палатадағы орынның басым көпшілігінен айырылып қалды. 

Жапония премьер-министрі Наото Кан сайлаудың нәтижесі қандай болса да өзінің қызметінен кетпейтіндігін мәлімдеп отыр. 10 ай бұрын  билікке келген демократтарда енді басым көпшілік - парламенттің төменгі палатасында. Бірақ сарапшылардың пайымдауынша, кабинет өз саясатын жүргізуде біршама қиындықтарға кезігуі мүмкін.

XS
SM
MD
LG