Accessibility links

Қырғызстанның оңтүстігіне тыныштық орнай бастады


Қырғызстанның оңтүстігіндегі ахуал бірқалыпқа келе бастады. Қырғыз билігі осылай деп хабарлады.

Сонымен бірге Ош облысының коменданты Бақыт Алымбеков хабарлағандай, бірқатар мәселе шешілмей келеді, мысалға жергілікті тұрғындардың қираған үйлерін қалпына келтіруге қаржы бөлінбеді.

Коменданттың сөзіне қарағанда, өткен аптада осы өлкеде маусым айындағы ұлтаралық қақтығыстардан қаза болған 260-тан аса адамның мәйіті табылды. Хабар-ошарсыз жоғалғандардың тізімінде әлі ондаған адам қалды.

Ресми мәлімет бойынша, ұлтаралық қақтығыстардан 300-дей кісі қаза тапты. Бейресми есеп бойынша, 2 мыңдай адам мерт болды.
XS
SM
MD
LG