Accessibility links

Угандадағы жарылыстардан қаза тапқандар 60-тан асты


Уганда астанасы Кампалада болған 2 жарылыстан қаза тапқандардың саны 64-ке жетті.

Полицияның мәліметі бойынша, кемінде жарылыстың бірін жанпидашыл қаскүнем жүзеге асырды. Екі жарылыс та футболдан Әлем біріншілігінің финалын көрсететін мейрамханада болған.

Қаза болғандардың арасында шетелдіктер, оның ішінде бір АҚШ азаматы бар.

Жарылыстың себебі әлі анықталған жоқ. Хабарларға қарағанда сомалилік "Аль-Шабааб" исламистік тобы бұдан бұрын Кампалада террористік актілерді жүзеге асыратындығын ескерткен көрінеді.

Өйткені, Сомалидегі бітімгершілік күштерінің құрамында Уганданың әскері де бар көрінеді.
XS
SM
MD
LG