Accessibility links

Неміс және француз министрлері Қырғызстанға барады


Германия мен Францияның сыртқы істер министрлері осы аптаның жұмасында Қырғызстанның ұлтаралық қақтығыстардан жүздеген адам қаза тапқан оңтүстік өңіріне бармақшы.

Атап айтқанда, Гидо Вестервелле мен оның француз әріптесі Бернар Кушнер Ош қаласына баруды жоспарлап отыр.

Қырғызстанға Еуропа Одағы тарапынан көмек көрсету туралы шешім де осы сапардың қорытындысына қарай қабылданатын болады.

2 министр Қырғызстанның жаңа президенті Роза Отынбаеваға жолығуды жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG