Қазақстанда оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық «Азат» партиясының парламентті таратып, үкіметті кетіру туралы талабына 1 миллион қазақ азаматы қол қойды. Ол туралы сейсенбі күні «Азат» партиясының баспасөз-қызметі хабарлады.
Аталған партияның 6 сиезде қабылдаған құжат ел азаматтарын бір партиядан тұратын заңсыз парламентті тарату мен қауқарсыз қуыршақ үкіметті биліктен кетіру науқанына атсалысуға шақырады.
Оның орнына, деп санайды «Азат» партиясы, заңды парламент сайлап, баға мен тарифтердің өсуін ауыздықайтын, жалақы мен зейнетақыны және шәкіртақыны 2 есе ұлғайтатын, шағын және орта кәсіпкерлікті шынайы қолдайтын, ауылшаруашылығын қалпына келтіріп, ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартатын, білім мен денсаулық сақтау саласының сапасын көтеретін, жаппай тұрғын үй құрылысын қолға алатын жауапты үкімет жасақтау керек.
Партияның осы үндеуіне қол қойған 1 миллион азамат қазіргі биліктің саясатына қоғамдық бағасын берді деп мәлімдейді Жалпыұлттық социал-демократиялық «Азат» партиясы.