Accessibility links

Мәскеу: Көрме ұйымдастырушылары сот үкіміне қарсы шағым берді


Сейсенбі күні Мәскеуде «Тыйым салынған өнер» көрмесін ұйымдастырушылардың қорғаушылары айыпталушыларды діни негіздегі жеккөрушілік сезімін қозырды деп таныған соттың шешіміне қарсы шағым берді.

Дүйсенбіде Мәскеудің Таган аудандық соты Юрий Самодуров пен Андрей Ерофеевке 200 мың және 150 мың рубль сомасында айыппұл төлету туралы үкім шығарған болатын.

Олардың адвокаттары хабарлағандай, қорғаушылар Мәскедуің қалалық сотынан үкімді бұзып, қылмыстық істі жабуды өтінеді

2007 жылы өткізілген көрменің ұйымдастырушыларына шығарылған сот үкімі адамның құқын қорғаушылардың наразылығын туғызды. Олар өнерге деген көзқарас сотта қаралмауға тиіс деп есептейді.
XS
SM
MD
LG