Accessibility links

Башқұрт президенті биліктен ерте кетуі мүмкін


Башқұрдстан президенті Мұртаза Рахимов келесі республика басшысы лауазымына отыруы мүмкін үміткерлер бойынша кеңес өткізе бастады. Ол туралы башқұрд президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол дүйсенбі күні Мәскеуде Рахимовтың Ресей президенті әкімшілігінің басшысы Сергей Нарышкинмен кездесіп, Башқұрдстан лидерінің ауысуы мәселесін талқылағанын растады. Башқұрд президентінің құзыры 2011 жылдың қазанында аяқталады.

Бақылаушылардың пікірлерінше, М.Рахимов биліктен мерзімінен кете қалса, ол республикадағы жемқорлық жанжалымен тығыз байланысты болуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG