Accessibility links

АҚШ тағы бір ресейлікті еліне қайтарды


Ресейлік агенттер ісін тергеу барысында ұсталған 12-ші ресейлік азамат АҚШ-тан еліне қайтарылды.

АҚШ ішкі қауіпсіздік департаментінің өкілі Мэтт Чэндлердің айтуынша, судья 23 жастағы Алексей Каретниковтың көші-қон заңдылығын бұзғандығын мойындағаннан кейін оны елде шығару туралы шешім қабылдаған.

Бұдан бұрын АҚШ ресейлік 10 азаматты еліне жіберіп, ал Ресей түрмеде отырған төрт сотталушыны АҚШ-қа қайтарған еді.

Бұл іске қатысты Кипрде ұсталған 11-ші ресейлік кепілдікке босатылғаннан кейін қашып кетті.
XS
SM
MD
LG