Accessibility links

БҰҰ мен Солтүстік Корея келіссөздері ертең өтеді


БҰҰ әскери миссиясының өкілдері мен Солтүстік Корея ертең 15 шілде күні кездесіп, суға кеткен оңтүстіккореялық әскери кемесі төңірегінде келіссөздер жүргізеді.

Ақпаратқа қарағанда, кездесу Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея арасындағы қарусыз аймақ - Пханмунчжомда өтеді.

Келіссөздер сейсенбі күні өтуі тиіс еді, дегенмен Солтүстік Кореяның өтініші бойынша кейінге шегерілді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі өткен аптада, 46 теңізшінің өліміне алып келген оңтүстіккореялық "Чхонан" корветіне қарсы жасалған шабуылды сынаған резолюция қабылдаған болатын.
XS
SM
MD
LG