Accessibility links

Қазақстандық боксшы әлем чемпионы атағын сарапқа салады


Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен колумбиялық спортшы Милтон Нуньез Дүниежүзілік боксшылар ұйымының (WBA) нұсқасы бойынша орта салмақта (72,6 келіге дейін) әлем чемпионы атағын сарапқа салады, деп хабарлайды «Біздің спорт» сайты.

Ағымдағы жылдың шілде не тамыз айында қазақстандық былғары қолғап шебері WBA рейтингісінде 15-ші орында тұрған 22 жастағы колумбиялық Милтон Нуньезбен қолғап түйістіреді. Шаршы алаңдағы кездесулер АҚШ-та не болмаса Мексикада өтуі мүмкін. Алайда Головкин жекпе-жектің Астанада өткенін қалайды.

Чемпион атағы, оның бұрынғы иесі Феликс Штурм суперчемпион атағын алғаннан кейін, әзірге бос тұр.
XS
SM
MD
LG