Accessibility links

Жәкішевке қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды


«Қазатомөндірістің» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевке қатысты шығарылған шешімді қайта қараған Астана қалалық соты алғашқы инстанцияның шешімін күшінде қалдырды. Бұл турады сәрсенбі күні адвокат Нұрлан Бейсекеев хабарлады.

Ол енді Жоғарғы сотқа шағымданбақшы. Себебі «Жәкішев өзінің кінәсіздігін дәледемек», - дейді адвокат.

Осыдан төрт ай бұрын, наурыздың 12-і күні, Астананың Сарыарқа аудандық соты «Қазатомөндіріс» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевтің үстінен қозғалған қылмыстық істі қарай келе, ол өзіне сеніп тапсырылған мемлекет мүлкін талан-таражға салған және пара алған деп тауып, Жәкішевті 14 жылға қатаң тәртіпті колонияға қамау туралы үкім шығарған еді. Ал оның оққағары Талғат Қыстаубаевты полиция майоры шенінен айырып, бес жыл мерзімге жалпы режимдегі колонияға отырғызған болатын.
XS
SM
MD
LG