Адамның құқын қорғайтын халықаралық Amnesty International ұйымы Франция парламенті қабылдаған: қоғамдық орындарда әйел баласының бетін көрсетпейтін мұсылман киімі – пәренже киіп жүруіне тыйым салатын заң жобасын сынға алды.
Құқық қорғаушылардың пікірінше, мақұлданған құжат әйелдердің құқын шектейді, атап айтқанда – олардың үйінен тыс жерде жұмыс істеуіне немесе білім алуына бөгет болады.
Amnesty International ұйымының есептеуінше, әйелдерге шектеу қоймай, керісінше - әйелдердің не кию керектігін өздері таңдай алатындай құқық беру керек.
Аталған заң жобасын қолдаушылар қоғамдық орындарда пәренже киген әйелдердің жүруі Француз Республикасының зайырлы мемлекет негіздеріне қайшы келеді және ол қауіп-қатердің көзі болып табылады деп санайды.