Пәкістан полициясының хабарлауынша, Суат ауданындағы жарылыстан бес адам қаза тапты, 45 адам жараланды. Жанкешті шабуылын елдің солтүстік-батысында Мингора қаласындағы автовокзалда жүзеге асырды.
Суат ауданы 2009 жылдың сәуіріне дейін тәлібтердің бақылауында болды. Аса күрделі әскери іс-қимылдардан соң әскер аймаққа билік орнатқандығын хабарлады. Әскери операциялар барысында босып кеткен екі миллионға жуық тұрғын қазір туған жеріне оралып жатыр. Бірақ аймақта шабуылдар тыйылар емес.