Франция сыртқы істер министрі Ресейді оқ атпау туралы Грузиямен жасасқан келісімді бұзды деп айыптап, Мәскеуді аймаққа орналастырған әскерін осыдан екі жыл бұрынғы межеге дейін шегіндіруге шақырды. Бұл туралы Бернар Кушнер бүгін Тбилисиде Грузия президенті Михаил Саакашвилимен бірге өткізген баспасөз мәслихатында айтты.
Франция министрі Грузияның аймақтық біртұтастығын қолдайтындығын білдіріп, «Оңтүстік Осетия және Абхазия грузин аймақтары болып есептеледі» деп мәлімдеді.
Ресей өз тәуелсіздіктерін жариялаған бұл аймақтарды тәуелсіз мемлекеттер ретінде мойындаған еді.