Accessibility links

BP: Мексика шығанағында ағып жатқан мұнайды тоқтатты


BP компаниясының мамандары Мексика шығанағында сәуір айындағы апаттан бері ағып жатқан мұнайды тоқтатты.

Компанияның вице-президенті Кент Уэллстің сөзінше, ұңғыманың бетіне орналастырылған аппараттың барлық қақпақтары жабылғандықтан мұнайдың ағуы тоқтаған. Бұл сынақ жұмыстарының басы болғандықтан, мұнайдың ағуы қайталанбайды деп кесіп айту қиын дейді Уэллс.

АҚШ президенті бұл ақпаратты "позитивті қадам" деп атады.

Мексика шығанағындағы бұл апат АҚШ тарихындағы ең ірі экологиялық апат болып табылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG