Accessibility links

Ирақтағы өрттен 40 адам қаза тапты


Ирақ солтүстігіндегі Сулеймания қаласы орталығында орналасқан қонақүйдегі өрттен кем дегенде 40 адам қаза тапты, 20-дан астам адам жараланды. Зардап шегушілер арасында балалар мен әйелдер, шетел азаматтары бар.

Хабарларға қарағанда, Сома қонақүйіндегі өрт бірнеше сағатқа созылды. Қауіпсіздік қызметінің өкілі «бұл теракт емес» деп мәлімдеді. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт электр желісінің ақауынан шыққан болуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG