Accessibility links

«Нью-Йорк таймс»: ирандық ғалым америкалық барлау үшін жұмыс істеді


Иран ғалымы Шахрам Амири ұзақ жылдар бойы АҚШ-тың Орталық барлау басқармасына ақпарат беріп тұрды. Бұл туралы «Нью-Йорк таймс» газеті америкалық билік өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Газеттің хабарлауынша, Амири америкалық барлауға иран ядролық бағдарламасы аясында құпия жобалар туралы мәліметтер беріп тұрған.

Жақында физик АҚШ-тан Теһранға келді. Өткен жылдан бері АҚШ-та болған Амири өзін Сауд Арабиясында ұрлап алып кетіп, сол үшін жұмыс жасауға үгіттеді деп америкалық арнайы қызметті айыптады.

Ресми Вашингтон Амири АҚШ-қа өз еркімен келді және кез-келген уақытта елден кете алады деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG