Accessibility links

Пәкістанның Хайбер ауданындағы жарылыстан сегіз адам қаза тапты


Пәкістанның солтүстік-батысындағы жарылыстан сегіз адам қаза тапты, 10-нан астам адам жараланды.

Жарылыс Хайбер ауданындағы ауылдардың біріндегі базарда тіркелді. Төтенше оқиғаның себебі анықталған жоқ.

Ауғанстан шекарасына жақын маңдағы бұл ауданда «Талибан» қозғалысымен байланыс орнатқан топтар шоғырланған. Кеше ғана көршілес Суат ауданында жанкешті ұйымдастырған шабуылдан 5 адам қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG