Accessibility links

Иран Белуджистандағы жарылыстарға Батыс пен Израилді айыптады


Иран оңтүстік шығысындағы Систан-Белуджистан провинциясындағы кемінде 27 адамның өмірін әкеткен екі бірдей жанкештілік шабуыл үшін Батыс пен Израилді айыптады.

Сенбі күні Иранның мемлекеттік телеарнасы ішкі істер министрінің орынбасары Али Абдоллахидің сөзіне сілтеме жасап, бұл террорлық актіні батыстық елдерге жалданғандар жасады деп хабарлады.

Бейсенбі күні мешітте орын алған бомбалық жарылыстарды Еуропа Одағы, БҰҰ және АҚШ айыптаған болатын.
XS
SM
MD
LG