Accessibility links

Клинтон стратегиялық келіссөздер өткізу үшін Пәкістанға барды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон өзінің Оңтүстік Азияға сапарының басында Исламабадқа барды.
Оның бұл сапары Ауғанстандағы соғыстың 9 жылдығымен байланыстырылып отыр.

Клинтон бұл соғыста Ауғанстан мен Пәкістанның өзара ынтымақтастығы қажет екеніне тоқталмақшы. Хиллари Клинтон сонымен қатар антиамерикандық көңіл-күй қалыптасқан Пәкістанға АҚШ-тың қолдауы көбейе түсетінін айтпақшы.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Пәкістан премьер-министрі Юсуф Раза Гилани мен ел президенті Асиф Али Зардаримен кездеседі.

Дүйсенбі күні оның саяси, әскери және бизнес топ өкілдерімен жоғары деңгейдегі келіссөздері жүретін болады. Сейсенбі күні Клинтон ханым Ауғанстандағы халықаралық конференцияға қатысады.
XS
SM
MD
LG