Accessibility links

Францияда полицияның бір жігітті өлтіруі жаппай наразылық тудырды


Сенбі күні Францияның Гренобль қаласында полиция мен жастардың арасында қақтығыс болып, дүкендер мен көліктер өртенді.

Тәртіпсіздіктердің орын алуына полицияның казиноға ұрлыққа түспек болды деген күдікпен бір жасты атып тастауы түрткі болды.

Қақтығыс кезінде 50 шақты көлікке өрт қойылды. Полиция жастардың біразын қамауға алғандарын айтып отыр. Полициямен қақтығыста ешкім жарақат алмаған.
XS
SM
MD
LG