Accessibility links

Байден: Ауғанстандағы әскери қимылдардың нәтижесін шығаруға ерте


АҚШ вице-президенті Джо Байден Ауғанстанға қосымша енгізілген Америка әскерінің іс-әрекетінің тиімділігі туралы айтуға әлі ерте деп мәлімдеді.

Америка телеарналарының бірінде сөйлеген сөзінде Байден қосымша әскерді жөнелту жұмыстары тамыз айында аяқталады, сондықтан қандай бір нәтижелер туралы айтуға ерте деп атап көрсетті.

Байден АҚШ президенті Барак Обаманың жоспары бойынша Ауғанстаннан әскер шығару 2011 жылдың маусымында басталатындығын растады.

ABC News телеарнасы мен Washington Post газеті бірлесіп жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижесі бойынша, америкалықтардың 43 пайызы Ауғанстанда тәлібтерге қарсы әскери операцияны жалғастыру қажет деп есептейді.
XS
SM
MD
LG