Accessibility links

Абхазия басшысы Никарагуаға барды


Өзін-өзі тәуелсіз мемлекет деп жариялаған Абхазия басшысы Сергей Багапш сандинистер төңкерісінің 31 жылдығына қатысу үшін Никарагуаға барды.

Никарагуа 2008 жылы Грузия-Ресей әскери жанжалынан соң өз тәуелсіздіктерін жариялаған Абхазия және Оңтүстік Осетияның дербестігі туралы мойындаған үш елдің бірі.

Оңтүстік Осетия басшысы Эдуард Кокойты да Никарагуаға жолға шықты, бірақ оның ұшағы бұзылып қалып Финляндияға қонуға мәжбүр болды.
XS
SM
MD
LG