Accessibility links

Алматы облысында күйдіргінің терідегі түрі анықталды


Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қазатқом ауылының 32 жастағы тұрғынына сібір жарасының терідегі түрімен сырқаттанған деген күдік келтіріліп отыр, деп хабарлайды Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақпаратқа қарағанда, дүйсенбі, шілденің 19-ы күні сырқат әйел орталық аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілген.

Ауруды жұқтырған ошақта эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілуде. Онымен байланыста болған төрт адам есепке алынды.
XS
SM
MD
LG