Accessibility links

Карзай Ауғанстан бойынша халықаралық конференцияны ашты


Бүгін Ауғанстан президенті Хамид Карзай, 70 мемлекет пен халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен басталған ауғанстан мәселелеріне қатысты халықаралық конференцияны ашты.

Бұл соңғы 30 жылда ауған жерінде Ауғанстан мәселесіне қатысты өткізіліп отырған алғашқы ірі жиын.

Форумға АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, ЕҚЫҰ-ның қазіргі хатшысы, Қазақстан сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев және басқа да әлем саясаткерлері қатысуда.
XS
SM
MD
LG